Жаңазеландиялық зерттеушілер ядролық соғыстың салдарын зерделеп, қызықты қорытындыға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Модельдеу нәтижелері Risk Analysis ғылыми журналында ұсынылды. Ғалымдар мұндай оқиға орын алса, планетаның атмосферасына 150 тераграмм күйе түсетінін есептеді.
Бұл ядролық қыстауға алып келеді және бірнеше жылда ауыл шаруашылығы өндірісін 80%, ал солтүстік жарты шарда шамамен 100% қысқартады.
Отаго университетінің зерттеушілері қақтығыстар, соның ішінде азық-түлік тапшылығы мен жаппай ашаршылықтың әсерінен аман қала алатын бес мемлекет әлі де болады дейді. Яғни олар Исландия, Жаңа Зеландия, Австралия, Соломон аралдары және Вануату сияқты арал немесе түбекті мемлекеттер кіреді. Себебі бұл елдердің тұрғындары күн сәулесіне байланысты ауыл шаруашылығын жүргізе алатындықтан, аман қалады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!