KAZINFORM – Греция жағалауында 6,4 магнитудалық жер сілікінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа – Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазады ресейлік ТАСС.
Орталықтың мәліметтері бойынша, зілзаланың ошағы 2,2 мың тұрғыны бар Карпатос аралынан оңтүстікке қарай 66 км қашықтықта жатыр, тереңдігі 14 км.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ. Цунами қаупі туралы ескерту болған жоқ.
Жерасты дүмпуі Мысыр аумағына да сезілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!