KAZINFORM — ХАМАС сәрсенбі күні кепілге алынған 4 израильдіктің мәйітін тапсырды, деп хабарлайды ВВС.

Бұған жауап ретінде Израиль 625 палестиналық тұтқынды босатады.

Цахи Идан, Охад Яхоломи, Ицхак Элгарт және Шломо Мансурдың мәйіті елге оралады. Құрбандардың аты-жөні Израиль сот-медициналық сараптамасынан кейін ғана ресми түрде жарияланады. 

Израиль босатқан тұтқындардың алғашқы тобы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласына жеткізілді. 

Израиль ХАМАС-тың бір мезгілде айырбастау туралы мәлімдемесіне қарамастан, палестиналық тұтқындардың төрт израильдік мәйіттің кім екені анықталғаннан кейін ғана тапсырылатынын, бұл процесс көп сағатқа созылуы мүмкін екенін айтты.

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату келісімінің бірінші кезеңі 19 қаңтарда күшіне енгеннен бері Палестина тобы әр жолы қалың көпшіліктің көзінше 25-тен астам тірі тұтқынды босатқан. 

Израиль ХАМАС-ты «кепілдегілерді үгіт-насихат мақсатында қолданды» деп айыптады. 

Тірі шыққан тұтқындар топтың баннерінің фонында мәжбүрлі түрде суретке түсіп, көпшілікке қол бұлғады. Ал, өткен аптада қайтарылған төрт мәйіт табыттарымен плакаттардың фонында көпшілікке көрсетілді. 

БҰҰ Израиль талаптарын мақұлдап, ХАМАС-тың әрекеті халықаралық құқыққа қайшы екенін мойындады, өйткені кепілге беру құрметсіз түрде жүзеге асырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!