Коллаж: Ulysmedia

Палестиналық ХАМАС қозғалысы атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде Израиль армиясын Газа секторынан толық шығару туралы талаптан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Wall Street Journal газетінің ақпаратына сәйкес, Израиль шенеуніктері талаптарды өзгерту тараптарға келіссөздерді жалғастыруға мүмкіндік береді деп санайды.

«Сәрсенбіде (Израиль тарапына) жеткізілген ұсыныстар келіссөздерді жалғастыруға негіз болатындай өзгерді. Негізгі өзгеріс (алдыңғы ұсыныстармен салыстырғанда) ХАМАС мәміленің бірінші кезеңінде Израильдің (Газа секторының аумағынан) толық кетуін талап етпейді», – деп жазады басылым.

Газеттің сұхбаттасушысы атап өткендей, Израиль тарапының ХАМАСПЕН келіссөздері «әлі де қиын болады » және келісімге келу бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!