Фото: instagram/The Royal Family

Қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін Кейт Миддлтон алғаш рет ресми іс-шарада пайда болды. Бұл туралы Daily Mail жазды деп хабарлайды KAZINFORM.

Ханзада Уильямның жұбайы еске алу фестиваліне барды. Онда олар қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына құрмет көрсетті.

Іс-шараға Король Чарльз III, Уэльс ханзадасы және корольдік отбасының басқа мүшелері де қатысты. Королева Камилла қатыса алмады. Себебі дәрігерлер ауруына байланысты көпшілік орынға баруға тыйым салды. 

Бұған дейін хабарланғандай, Уэльс ханшайымы Кейт Миддлтонға қатерлі ісік диагнозы қойылды.

Кейт Мидлтон қатерлі ісік ауруын емдегеннен кейін қызметіне қайта кіріскені де белгілі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!