SpaceX компаниясы Starship ғарыш кемесінің тоғызыншы сынағы кезінде онымен байланысты жоғалтып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Біз кемемен байланысты бірнеше минут бұрын жоғалттық. Осылайша, тоғызыншы сынақ ұшуы аяқталды, – деді SpaceX өкілі тікелей трансляция кезінде.
ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҚАЙДАН ҰШТЫ
Ғарыш кемесі жергілікті уақытпен 18:36-да Техас штатындағы Starbase ғарыш айлағынан ұшты. Super Heavy зымыран тасығышынан бөлінген соң онымен байланыс үзілді. Жоспар бойынша ол Мексика шығанағына қонуы тиіс еді.
ҚАЙДА ҚҰЛАДЫ
Ұшудан жарты сағат өткен соң, алдыңғы екі сынаққа қарағанда алысқа ұшқан Starship хаостық түрде айнала бастады, содан кейін онымен де байланыс жоғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, кеме Жерді бір айналып өтіп, атмосфераға қайта кіргенде Үнді мұхиты үстінде жойылған.
АҚАУ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ
Сынақ барысында кеменің жүк бөлігі ашылмай қалды. Бұл люктердің орбитада шартты жүктеме ретінде Starlink жер серіктерінің макеттерін шығару керек болатын. Бұған қоса, отынның ағып кетуі тіркелді.
Бұл жолы Super Heavy зымыран тасығышы алғаш рет қайта пайдаланылды. Өткен жолы ол Техасқа сәтті қонған еді, бірақ бұл сынақта оны қайта қондыру көзделмеген.
МАСК НЕ ДЕДІ
SpaceX өкілдері оқиғаның себептерін мұқият талдап, одан сабақ алатынын мәлімдеді. Компания бұл сынақтар Starship-тің сенімділігін арттыруға көмектеседі дейді.
SpaceX негізін қалаушы Илон Масктың айтуынша, енді мұндай сынақтар жиі өткізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!