Фото: REUTERS/Brian Snyder
Илон Маск сайлау науқанына қанша шығындағаны және Трамптың жеңісінен кейін қанша тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Forbes басылымы Tesla-ның нарықтағы қаржысы 1 триллион долларға жеткенін жазды.
АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысынан кейін Tesla акцияларының бағасы күрт өскен. Соның арқасында Илон Масктың байлығы 2 жылдан бері алғаш рет 300 миллиард доллардан асты.
Айта кетейік, 8 қараша күні Tesla акцияларының бағасы 6%-ға өскен болатын. Осылайша, акция құны 330 доллар болды. Tesla қазір нарықтық капиталдандыру бойынша 9-орында екенін айта кету керек.
Сайлаудан кейін Tesla акцияларының өсуі компанияға 10 миллиард доллар қосымша табыс әкелді. Айта кетейік, дәл қазір Илон Масктың байлығы Ларри Эллисонның байлығынан 70 миллиардқа артық.
Сайлау науқаны аясында Илон Маск Дональд Трамптың партиясының шығындарына 130 миллион доллардан аса қаражат жұмсаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!