Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаған Илон Маск әлемде байлығы 500 млрд долларға жеткен алғашқы адам атанды. Бұл туралы миллиардерлердің қаржысын нақты уақыт режимінде қадағалайтын Forbes Real-Time Billionaires айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Рекордтық көрсеткіш 1 қазанға қараған түні Астана уақытымен 01:30-да тіркелген. Кейін көрсеткіш сәл төмендеп, Forbes Масктың байлығын 499,1 млрд доллар деп бағалады.
Tesla компаниясының акциялары шамамен 4 пайызға өскен. Соның арқасында компанияның негізін қалаушы Масктың байлығы бірден 9,3 млрд долларға артқан.
Илон Маск алғаш рет 2021 жылы Forbes тізімінде әлемнің ең бай адамы атанған. Сол кезде оның байлығы 271,3 млрд доллар еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!