фото: pexels
Билік бұл шешімді онлайн-порнография, кибербуллинг, интернет-алаяқтық және цифрлық тәуелділік сияқты қауіптермен түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Индонезия 28 наурыздан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым енгізе бастайды. Байланыс және цифрлық технологиялар министрі Меутья Хафидтің айтуынша, мемлекет бұл мәселеге араласуға мәжбүр, өйткені ата-аналар ірі платформалардың алгоритмдеріне жалғыз қарсы тұра алмайды.
Тыйым біртіндеп енгізіледі – барлық цифрлық платформа реттеуші талаптарын орындағанға дейін жалғасады. Алғашқы кезеңде 16 жасқа толмаған балалардың аккаунттары біртіндеп өшіріледі. Бұл талап YouTube, TikTok, X, Bigo Live, Roblox, сондай-ақ Facebook, Instagram және Threads сияқты платформаларға қатысты болады.
КОНТЕКСТ
Аустралия 2025 жылдың желтоқсанында әлеуметтік желі компанияларын өз платформаларында 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттауға міндеттей бастаған алғашқы ел болды. Мұндай шектеуді енгізу туралы шешімді Испания, Ұлыбритания және Дания да қабылдады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!