Индонезияның Сидоарджо қаласында ислам интернат мектебінің ғимараты құлап, 36 оқушы қаза тапты. Бұл туралы елдің Табиғи апаттардың зардаптарын жою агенттігі хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.

Агенттіктің мәліметінше, әлі де 27 оқушы із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Оларды іздеу жұмыстары жетінші күн қатарынан жалғасуда. Құлаған ғимарат астында қалғандар — 13 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Қазіргі таңда құтқару жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Іздеу-құтқару шараларына арнайы техникалар, соның ішінде крандар тартылған. Билік дүйсенбі күні іздестіру жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұл қайғылы оқиға 30 қыркүйекте болған. Алғашқы мәліметтер бойынша, 14 адамның қаза тапқаны хабарлаған едік. Жалпы, апат салдарынан 100-ге жуық адам зардап шеккен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!