Фото: pixabay.com

Израиль жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30-дан бастап әуе кеңістігін ашатынын мәлімдеді, деп хабарлады KAZINFORM ақпараттық агенттігі  BBC-ге сілтеме жасап.

Израильдің әуе кеңістігі жеті сағат бойы жабық болды. Ол Иран ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандардың шабуылын жасай бастағаннан кейін жабылған. 

Иордания мемлекеттік телеарнасы да елдің сенбі күні түнде жабылған әуе кеңістігін ашып жатқанын хабарлаған.

Бұған дейін Air Astana тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты Дубайға рейстің кешігетінін хабарлаған болатын. 

Ресей авиациясы да ресейлік әуе компанияларына Ирак, Иордания және Израильдің әуе кеңістігін пайдалануға, сондай-ақ осы елдерге ұшуға тыйым салды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!