KAZINFORM — АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы 28 ақпанда басталған әскери операциясынан бері кемінде 243 оқушы мен мұғалім опат болды. Бұл туралы Иранның Білім министрлігі өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Al Jazeera.

Иран Қызыл Жарты ай қоғамы мәліметінше, АҚШ пен Израиль күштерінің шабуылдары салдарынан 82 мыңнан астам азаматтық нысан зақымданған немесе қираған. Олардың қатарында 62 мың тұрғын үй, 281 медициналық орталық, аурухана мен дәріхана бар.

Сонымен қатар, 498 мектеп, 17 құтқару пункті және 12 құтқару көлігі зақымданған.

Еске салсақ, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастаған болатын. Соққылар елдің ірі қалаларына, соның ішінде Тегеран қаласына жасалды. Өз кезегінде Иран ауқымды жауап операциясын бастағанын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!