Иранда әйел музыкант болғаны үшін концерт өтпей қалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Report-қа сілтеп.

Бұл туралы Ирандағы адам құқықтары ұйымы хабарлады.

5 ақпанда Исфахан қаласында «Лиана» музыкалық тобының концерті өтуі керек болған. Дегенмен, музыканттардың арасында әйелдің болуына байланысты концерт тоқтатылды.

Музыкалық топтың жетекшісі – Мохсен Шарифиан. Оның қызы Лиана Шарифиан да топ мүшесі. Оның қатысуына байланысты концерт өтпей қалды.

Қазір концерт өткізуге барлық құзырлы органдардан алдын ала рұқсат алынғаны айтылып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!