Израиль қарулы күштерінің Иран аумағына жасаған соққылары салдарынан қаза тапқандар саны 935 адамға жетті. Бұл туралы Иран сот билігінің ресми өкілі Асгар Джахангир мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Израильдің АҚШ-пен бірлесіп жасаған шабуылдары салдарынан елімізде шамамен 1 мың адам қаза тапты. Сот-медициналық сараптаманың соңғы
деректеріне сәйкес, 935 адамның қазасы тіркелді», — деді ол.
Қаза тапқандардың ішінде 38 бала, 102 әйел бар.
Еске салайық, 13 маусымда Израиль ұшақтары Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасаған болатын. Кейіннен Тегеран қарымта ретінде Израильді зымырандармен атқылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!