Фото: BBC
Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинцияларындағы полиция бөлімдеріне жасалған шабуылдан кемінде 11 полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, шабуылдаушылардың бірнешеуі атып өлтірілген.
«Раск қаласындағы полицияның штаб-пәтеріне жасалған террористік шабуыл барысында 11 полиция қызметкері қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алған»,-деп хабарлады провинция губернаторының орынбасары Алиреза Мархамати.
«Полиция қызметкерлері ерлікпен қорғанды және бірнеше шабуылдаушыны жарақаттады».
Шабуыл түн жарымында жасалған және ол кейнігі жылдардағы ең қанқұйлы оқиға деп бағаланып отыр.
Бұл әрекет үшін жауапкершілікті 2012 жылы құрылып, Иранның террорлық ұйымдар тізіміне енгізілген «Джаеш Аль-Адль» (Әділдік әсері) мұсылман-сүнитттер тобы алып отыр.
Кейінірек мемлекеттік ақпараттық IRNA агенттігі 7 полиция қызметкерінің жарақат алғанын, олардың кейбірінің жағдайы мүшкіл екенін хабарлады.
Оқиға орнына Систан және Белуджистан провинцияларының полиция бастығы келді. Иран билігінің хабарлауынша, жағдай Иран билігінің бақылауында, тергеу басталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!