Иранда «Әлемдік империализмге қарсы ұлттық күрес күні» аясында ерекше театрландырылған акция өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Шара барысында АҚШ-тың президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды бейнелеген екі адам сахнада символикалық түрде “сотқа тартылып”, “айыпты” деп танылды.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрініс АҚШ пен Израиль саясатына қарсы наразылық білдірудің бір түрі болып табылады.

Tasnim News мәліметінше, іс-шара көрермендер алдында театрландырылған форматта өтті. 

Айта кетейік, тамыз айында Иранның Каспий теңізі жағалауында өткен тағы бір ұқсас әскери-символикалық қойылым туралы хабарлаған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!