Фото: Ашық дереккөзден
Валенсия көшелеріне 130 мыңға жуық адам жиналып, провинция президенті Карлос Мазонның отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАСТЫ СЕБЕБІ
Наразылық акциясына жойқын су тасқыны салдарынан 223 адамның қаза табуы себеп болған. El Pais басылымының хабарлауынша, наразылық білдірушілер жүздеген құрбан жандар үшін Мазонды айыптаған. Шерушілер Валенсия басшысы түскі асын асықпай ішемін дегенше ондаған қала су астында қалып, салдарынан 223 адам қаза тапқанын айыптаған плакаттар ұстап шықты.
21 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ҮЛКЕН ШЕРУ
Кейбір жерлерде бірен-саран қақтығыстар болғанымен наразылық шеруі бейбіт түрде өткені хабарланды. Бұл Ирактағы соғысқа қарсы көшеге шыққан 2003 жылдан бергі Валенсиядағы ең үлкен наразылық болды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ШАРА
Кейін желіде қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерді қалай ығыстырып жатқанын көрсететін бейнежазбалар пайда болды, сондай-ақ гранаталардың жарылыстары естілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!