фото: Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өту
Испанияда тасқыннан қаза тапқандар саны 211-ге жетті. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы 24.kz Рейтер агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Құтқару бригадасы бірнеше күннен бері үйінділерді аршып, қирандыларды қазып жатыр. Оған 2,5 мыңнан астам әскер жұмылдырылған. Билік тағы 5 мың маманды жөнелтуге тапсырма берді.
Айта кетері, Еуропада мұндай жойқын апат осыдан 57 жыл бұрын Португалияда болған. Тасқын салдарынан 500 адам көз жұмды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!