Испанияның оңтүстік-шығысындағы Торре-Пачеко қаласында жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында жаппай қақтығыстар орын алды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қақтығыстардың басталуына 68 жастағы ер адамға иммигрант жастар шабуыл жасаған оқиға себеп болды. Жәбірленушіні ұрып-соғу сәті видеоға түсіріліп, TikTok желісіне жүктелген. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, жергілікті тұрғындар жапа шеккен азаматты қолдау мақсатында митингке шықты. Алайда бейбіт шеру тәртіпсіздікке ұласты.

Қақтығыс барысында тәртіп бұзушылар тастар мен бөтелкелер лақтырып, суық қару қолданған. Жағдайды тұрақтандыру үшін қала көшелеріне қосымша полиция күштері тартылды.

Ресми мәлімет бойынша, бес адам жарақат алып, бір адам ұсталды. Жақын күндері тағы да тұтқындаулар болуы мүмкін.

Айта кетейік, 40 мыңға жуық тұрғыны бар Торре-Пачеко қаласында халықтың шамамен

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!