Италия мен Германияда күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы қолдау мақсатында бейбіт митинг өтті. Олар Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды күшейтуді талап етті, дп хабарлайды Stan.kz.

6 сәуірде Италияның Сицилия провинциясындағы Мессина қаладасында оқитын қазақстандық студенттер өз әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп сотқа тартылған Бишімбаевтың сотына қатысты бейбіт жиын жасады. 

30-ға жуық адам мерт болған Салтанат Нүкенованың фотосы бар плакаттарды ұстап шықты. Қазақстандық студенттермен қатар Италияның феминистік ұйымы және қырғызстандықтар қолдады. 

Италия мен Германияда "Салтанат үшін" бейбіт митингі өтті

7 сәуірде Германияның Берлин қаласында 120-ға жуық адамның қатысуымен митинг өтті. Олар Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауды талап етті. Сөздерінше, Салтанат Нүкенова Қазақстандағы күйеуінің қолынан қаза тапқан бірінші әйел емес. Германиядағы қазақстандықтардан бөлек үндістандық, әзірбайжандық, қырғызстандық, түркісменстандық, өзбекстандық, украиналық және оңтүстік кореялық азаматтар да митингке қатысты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!