Италияда жұма, 11 ақпаннан бастап көшеде бетперде тағу ережесі жойылады. Бетпердені барлық қоғамдық орындарда кию ережесі 2021 жылдың желтоқсанында елде коронавирустың омикрон штамының өршуі басталғанда енгізілген болатын.
Енді 11 ақпаннан бастап қорғаныс маскаларын тек адам көп жиналатын жабық орындарда кию талап етіледі. Жаңа ереже 31 наурызға дейін күшінде болады.
Бұл Италия үкіметінің коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдетуге бағытталған алғашқы қадамы.
Айта кетейік, Италияда халықтың 80 пайызға жуығы толығымен вакцинацияланған. Соңғы апталарда вирус жұқтырғандар саны мен ауруханаға жатқызулар деңгейі азайып келеді, бірақ өлім-жітім саны жоғары.
Сондай-ақ, елде 1 ақпаннан бастап 50 жастан асқандар үшін COVID-ке қарсы вакцинация міндетті деген ереже шыққан болатын. Денсаулығына байланысты вакцинадан босатылғандарды қоспағанда, вакцина алмағандарға бір реттік 100 еуро (48 680 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!