KAZINFORM – Израиль түрме басқармасы 90 палестиналықты түрмеден босатты, деп хабарлайды KAZINFORM ВВС-ге сілтеме жасап.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл Израиль мен бұрын Газадағы Қызыл Крест өкілдеріне үш израильдікті кепілге берген ХАМАС тобы арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді жүзеге асырудың бірінші кезеңі аясында болған. 

Израильдің әділет министрі Ярив Левин бұған дейін бостандыққа шыққан әрбір Израиль азаматы үшін ел билігі 30 палестиналық тұтқынды, ал әрбір әйел әскери қызметкерге 50 палестиналықты босатады деп мәлімдеген. 

Бірінші кезеңде Израиль кепілге алынған 33 израильдіктің орнына жүздеген палестиналық тұтқынды босатады деп шамаланып отыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!