Израиль әуе күштерінің Газа аймағына жасаған кезекті соққысының салдарынан он адам қаз тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл кезінде қаза тапқан он адамның алтауы бала. Балалар су кезегінде тұрғанда үстінен бомба түскен. Соққыдан тағы 16 адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. 

Израиль Қорғаныс күштері әуе соққысы “Исламдық жиһад” тобының содырларына бағытталғанын жеткізді. Алайда оқ-дәрі бірнеше ондаған метрге ауытқып, “техникалық қателік” болғанын мойындады. ЦАХАЛ қайғылы оқиғаны тергеп жатқанын мәлімдеді.

Газада Израиль-Хамас соғысы 2023 жылы басталған еді. Содан бері Израильдің шабуылдарынан 58 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Халықаралық ұйымдар мен әлем елдерінің көбі қарулы қақтығысты тоқтатуға үндеп, жазықсыз жандардың қаза тауып жатқанын айтып талай мәрте дабыл қақты. Алайда одан нәтиже болмай тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!