Израиль Газаның оңтүстігіндегі Хан-Юнус қаласына соққы жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталыWAFA агенттігіне сілтеп.

Палестиналық WAFA агенттігінің мәліметінше, Израильдің ұшқышсыз ұшақтары қаланың шығыс бөлігіндегі Бени-Сухейла ауданын нысанаға алған. Шабуыл салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын жарақат алған.

Сонымен қатар, артиллериялық соққылар Абасан-Кебир елді мекені мен «Ханса» мектебін қамтыған.

Бұған қоса, Израиль әскері Газа секторының орталығындағы Нусейрат босқындар лагерінің жағалауында орналасқан бірнеше қайыққа оқ жаудырған.

Айта кетейік, 2025 жылдың 10 қазанында атысты тоқтату туралы келісім жасалған еді.

Алайда келісімге қарамастан, Газа аумағында Израильдің шабуылдары мен адам құқықтарының бұзылуы жалғасып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!