Фото: ашық дереккөзден
8 тамызға қараған түні Израильдің соғыс кабинеті премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Газа қаласын толық бақылауға алу туралы шешімін бекітті. Бұл туралы Fox News арнасын Нетаньяхудың сұхбатын жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Сұхбатта ол Газаны бақылауға алғысы келетінін айтқан. Қазіргі таңда Израиль әскері Газа секторындағы аумақтың шамамен 75 пайызын бақылап отыр.
Times of Israel басылымының мәліметінше, Газа қаласына бағытталған операция 800 мыңға жуық тұрғынды жаппай эвакуациялауды талап етеді.
«Қарулы күштер Газа қаласын бақылауға алу үшін дайындық жүргізеді, сонымен қатар соғыс аймағынан тыс бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетіледі», – делінген Израиль үкіметінің мәлімдемесінде.
Нетаньяху Израильдің Газа секторын басқарғысы келмейтінін, бірақ қауіпсіздік белдеуінқұрып, аймақты өзіне қауіп төндірмейтін араб күштеріне бергісі келетінін атап өтті.
«Біз ХАМАС-пен бұл мүмкін емес екенін түсінеміз», деді Нетаньяху.
Израильдің бас штабының бастығы Эяль Замир Газаны толық оккупациялау идеясын қолдамай отыр. Журналистердің хабарлауынша, бұл жоспарды «әскер үшін тұзақ» деп атаған. Дегенмен үкімет армияға қандай шешім қабылданса да, орындауға бұйрық бергенін мәлімдеді.
Израиль әскері Газа қаласын бақылауға алып, шамамен 1 млн тұрғынды сектордың оңтүстігіне көшіруді көздеп отыр. Бұл бірінші кезең. Екінші кезең бірнеше аптадан кейін басталып, гуманитарлық көмекті ұлғайтумен қатар, босқындар лагерлері мен тұтқындар болуы мүмкін деген аудандарға шабуыл жасалады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!