Фото: pixabay.com
Америкалық БАҚ өкілдері Израилдің Ливанға шабуыл жасауы мүмкін екенін болжады. Айтуыларынша қазір бұл ел өз әскерін елдің солтүстігіне Ливан шекарасына қарай жылжытуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Америкалық шенеуніктер де бұл мүмкіндікті жоққа шығармайды.
“Алайда соңғы шешім әлі қабылданбаған сияқты.
Сенбі күні ЦАХАЛ өкілі Питер Лернер ел билігі Ливанға басып кіруді қарастырып жатқанын айтты. Дегенмен бұл нұсқа әлі тек мүмкін деген болжамда. Өткен сәрсенбіде бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының Бас штабының басшысы Герци Халеви мәлімдеді”, – CNN телеарнасы.
Израиль әскерінің мақсаты – елдің солтүстігіндегі үйлерге 60 мың жергілікті тұрғынды қайтару. Олар Ливан тарапынан атыс салдарынан эвакуацияланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!