Фото: Анадолы

Израиль әскери ұшақтары Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы әртүрлі аймақтарға көптеген әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды KAZINFORM агенттігі  Анадолыға сілтеме жасап..

Ливанның NNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль әуе күштері Эн-Набатия провинциясының маңында 30 минут ішінде 80-нен астам әуе шабуылын жасаған.

Израиль ұшақтары елдің шығыс бөліктеріне, соның ішінде Бекаа, Шмистар, Будайя, Эн-Неби Шит және Баалбекке де шабуыл жасаған.

Израиль әуе күштері де Ливанның оңтүстігіндегі Литани өзенінің жағалауын және Сур қаласының шығыс аудандарын да қарқынды бомбалаған.

Израиль әуе күштерінің Бейрутке шабуылы 20 қыркүйекте Израиль әскері Бейруттің оңтүстік бөлігіне әуе шабуылы жасап, 45 адам, оның ішінде 3 бала мен 7 әйел қаза тапты.

«Хезболла» ұйымының 15 мүшесінің, оның ішінде аға әскери қолбасшы Ибрагим Аклдың қаза тапқанын хабарлады.

Ливанда пейджер мен радиобайланыс құрылғысының жарылыстары 17-18 қыркүйек аралығында болды, одан кейін Бейрутке шабуыл жасалып, барлығы 84 адам қаза тапты.

Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 50 адам қаза тапты.

Израильдің бүгінгі Ливанға жасаған шабуылы нәтижесінде, алдын ала мәлімет бойынша, 50 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған.

Бұл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды NNA.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында әйелдер, балалар мен медицина қызметкерлері бар екені атап өтілді.

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі қалалар мен ауылдарды нысанаға алды, деп қосты агенттік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!