Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Израильдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева қаласындағы бас автостанцияда болған атыс кезінде осы елдің шекара қызметінде жұмыс істейтін 19 жастағы қыз мерт болды, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Қарулы ер адам автостанция маңында оқ атып, кейін оның өзін атып өлтірген. Израиль полициясының хабарлауынша, бұл – теракт.
Алдын ала тергеу жұмыстары оқ атқан адамды бірнеше секунда сол маңда болған қауіпсіздік қызметінің өкілдері атып тастағанын көрсетті.
Мерт болған 19 жастағы Шира Шайя Суслик Израильдің шекара қызметінің өкілі.
Израиль жедел жәрдем қызметі медицина мамандарының атыс кезінде оқ тиген 10 адамға көмек көрсетіп жатқанын хабарлаған.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, төрт адамға оқ, қалғандарына әйнектің бөліктері тиген. Олардың барлығы жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Атыстан соң Израильдің Көлік министрі Мир Регев «террористің» отбасын елден шығарып жіберуге шақырды.
«Израиль аумағында шабуылдарды тыю үшін қатаң жазалау керек»,-деп жазды ол өзінің X әлеуметтік желісінде.
Израиль оппозициясының көшбасшысы Яир Лапид, «Біз терроризмге қарсы қатаң әрекет етуіміз керек»,-деп жазды желіде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!