KAZINFORM – Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы тұрғын үйлерге жасаған шабуылынан кемінде 21 адам қаза тапты. Бұл туралы Анадолы жазды.

Палестинаның ресми ақпарат агенттігі WAFA-ның хабарлауынша, Израиль ұшақтары Газа секторының әртүрлі аймақтарында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған.

Израильдің оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасаған әуе шабуылында қаза тапқан алты адамның денесі Хан Юнустағы Еуропалық ауруханаға жеткізілген.

Израиль ұшақтарының Хан Юнус қаласында бірнеше ғимаратты бомбалағаны, сектордың солтүстігіндегі Джабалия аймағында ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылда бірнеше палестиналықтың да жарақат алғаны хабарланды.

Газа секторындағы Шуджейе және Зайтун аудандарын ұшқышсыз ұшақтардың бомбалауы нәтижесінде 2 палестиналық қаза тапқан.

11 қазанда Израильдің шабуылдары Газа секторында барлығы 21 бейбіт тұрғынның өмірін қиды.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында 42 126 палестиналық, оның ішінде 17 000 бала мен 11 378 әйел қаза тауып, 98 117 адам жарақат алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!