Эквадор түрмесінде бұлік болып, Мачала қаласындағы түзету мекемесінде 31 тұтқынның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі SNAI-ға сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты 10 қарашада ересектер мен кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға кешенді көмек көрсету бойынша Ұлттық қызметтің (SNAI) баспасөз қызметі растады.
Ведомство мәліметінше, тергеу барысында бастапқыда төрт дене табылған, бірақ кейіннен қаза болғандардың саны күрт көбейген.
Қазіргі уақытта 27 тұтқынның қаза тапқаны хабарланды, – деп атап өтті X әлеуметтік желісіндегі хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен SNAI мамандары жұмысын жалғастырып жатыр.
Билік оқиғаны мұқият тергеуге және тәртіпті қалпына келтіруге уәде берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
