Sputnik. Эр-Риядта жоғары деңгейдегі Ресей-АҚШ келіссөздері басталды, деп хабарлады РИА Новости.

Делегация мүшелері төртбұрышты үлкен үстелге жайғасты, оң жағында Ресей тарапы, сол жағында АҚШ тарапы отырды.

Келіссөздерге Мәскеу тарапынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков қатысуда. Америкалық тараптан президент Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және АҚШ көшбасшысының Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стивен Уиткофф бар.

«Кездесу баспасөз өкілдерінің қатысуымен алдын ала сөз сөйлеусіз басталды», – деп жазылған материалда.

Екі елдің өкілдері патша әулетіне тиесілі сарайлардың бірі – Альбасатин кешеніндегі Дирияда кездесті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!