Фото: Breaking Defense
Эстония Украинаға әскерін жіберуі мүмкін. Мұны президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мэдис Ролл мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Breaking Defense басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Эстония үкіметі Украина қарулы күштерінің қару-жарақпен қамтамасыз ету функцияларын алу үшін Украинаның батыс бөлігіне әскер жіберу мүмкіндігін талқылап жатыр.
«Біз барлық мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Қолдан келетін нәрсені шектемеу қажет», – деді Ролл.
Эстония қорғаныс күштерінің басшысы генерал Мартин Херем өткен аптада әскер бірнеше ай бұрын Украинаның батысына әскер жіберіп, медициналық қызмет көрсету, логистика немесе әуе қорғанысы сияқты мәселесін талқылағанын айтты. Бірақ бұл идея халықтың наразылығын тудырғаннан кейін бұл келіссөздер тоқтады.
Сонымен бірге мамыр айының басында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс Украинаға әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ деп тағы да мәлімдеді. Эстония – 2004 жылдан бері НАТО мүшесі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!