KAZINFORM — Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң жобасы талап етілетін деңгейде мемлекеттік тілді меңгермегендерге қатысты жаза мен айыппұлдарды күшейтуді көздейді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Әзірге айыппұл тек кейбір азаматтарға ғана салынған, себебі айыппұл сомалары ондаған жыл бойы өзгермей қалып, ал орташа еңбекақы төрт есеге өскен.

 Эстонияның ERR мемлекеттік телерадио порталына сілтеме жасап хабарлағандай, Тіл туралы заң талап етілетін деңгейде мемлекеттік тілді меңгермеген адамға айыппұл салуға мүмкіндік береді. Айыппұл мөлшері эстон кронасы енгізілген кезде белгіленген, ал дәл сондай айыппұл эстон тілінде сөйлей алатын, бірақ тілді талап етілген деңгейде меңгермеген сатушыға да, эстон тілін маңызды деп санамайтын дүкендер желісіне де қолданылуы мүмкін.

— Тіл туралы заң жобасының басты мақсаты тіл талаптарының сақталуына бақылауды күшейту. Айыппұл сомасын көбейту де осыған бағытталған. Қатаңдатылған шаралар адамдарды эстон тілінде сөйлеуге көбірек күш салуға мәжбүр етеді деп күтілуде, — деді Білім министрлігінің тіл саясаты бөлімінің кеңесшісі Кятлин Кыверик.

Жеке тұлғалар үшін айыппұл қазіргі 640 еуродан 1280 еуроға дейін, ал компаниялар үшін 9600 еуроға дейін өседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!