Фото: Deutsche Welle
Йоханнес теңіз дауылынан Швеция, Норвегия және Финляндияда электр желілері үзіліп, ондаған мың үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazinform DW-ге сілтеме жасап.
Швед ақпарат агенттігі TT-ның мәліметіне сүйенсек, Швецияда 40 мың үй жарықсыз қалған. Стокгольмнен 200 шақырым қашықтықта орналасқан Сандвикен қаласында үстіне ағаш бұтағы құлаған ер адам көз жұмған.
Ашық аспан астындағы жұмыс барысында Hemab энергетикалық компаниясының қызметкерінің де үстіне ағаш құлап кеткен.
Сондай-ақ Финляндияда дауылды жел Женевадан ұшып келген Swiss Airlines жолаушылар ұшағын ұшу-қону жолағынан ұшырып кете жаздады. Абырой болғанда оны үйілген қар ұстап қалған. Аталаған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!