Sputnik. Канада НАТО-ға мүше елдердің ерікті жарналары арқылы тез қару-жарақ жеткізуді көздейтін PURL бастамасына қосылады, деді Владимир Зеленский, деп хабарлады РИА Новости.

Канаданың премьер-министрі Марк Карнидің кеңсесі Канада билігі Украинаға әскери көмек көрсету үшін маусым айында уәде еткен 1,45 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлгенін хабарлады.

«Канада премьер-министрі Марк Карнимен өте маңызды кездесу болды. Мен Канаданың АҚШ-тан қару-жарақ сатып алу арқылы Украинаға көмекті ұлғайтуға мүмкіндік беретін PURL бағдарламасына қосылуға дайындығы үшін алғыс айтамын. Бұл қосымша 500 миллион долларды құрайды», – деп жазды Зеленский Telegram арнасында.

Оның айтуынша, бұл қаражат ұшқышсыз ұшақтар жасауға жұмсалады. Айта кету керек, Зеленский кеңсесінің сайтында Канададан 1,5 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетілген.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін АҚШ пен Еуропалық Одақ Украинаға америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін және шығындар Еуропаға түсетінін мәлімдеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!