KAZINFORM – Орман өрті Канаданың Мантиоба мен Онтарио провинцияларына жайылды, деп хабарлайды Jibek Joly.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, өрт салдарынан екі адам мерт болған. Олар өрттің құрсауында қалған деген болжам бар.

Тек өткен тәуліктерде ғана өңірде 80-ге жуық өрт ошағы тіркелген. Олардың үштен бірі ірі саналады. Жалын шарпыған аумақ 100 гектарды құрап отыр. Өрт сөндіру жұмыстары жерден де әуеден де жүргізіліп жатыр.

Іішінара тұрғындар эвакуацияланғаны хабарланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!