Фото: Sputnik / италий Белоусов

Sputnik. Катар Ресеймен «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін (ХКД) жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық орнатуға мүдделі, деп мәлімдеді Катардың Мәскеудегі елшісі Ахмед бен Насер бен Джасим Әл Тани.

«Катар Ресей Федерациясымен бірлескен жобаларға үлкен көңіл бөледі және «Солтүстік-Оңтүстік» жобасы аймақтың көп елі үшін өте маңызды. Бірақ қазір халықаралық аренадағы ерекше жағдайлар бізден осы жобаға назар аударуды және барынша жұмыс істеуді талап ететінін түсінеміз. Біз қазір бұл жобада Ресеймен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз», – деді ол «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» халықаралық экономикалық форумында өткен сессия барысында.

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі – бұл Санкт-Петербургтен Мумбаи портына (Үндістан) дейінгі ұзындығы 7,2 мың шақырымды құрайтын мультимодальды бағыт. Халықаралық көлік дәлізінің үш бағыты бар: транскаспийлік (темір жолдар мен порттарды пайдалану арқылы), сондай-ақ батыс және шығыс (құрлық арқылы). 2023 жылдың мамырында Ресей мен Иран батыстық «Солтүстік-Оңтүстік» бағытындағы темір жолдың – Ирандағы Рашт-Астара соңғы қажетті учаскесін аяқтау туралы құжаттарға қол қойды.

14-19 мамырда Қазан қаласында «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.

14-19 мамырда Қазан қаласында «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.

KazanForum – Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң. Ұйымдастыру комитетін Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин басқарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!