Фото: REUTERS / Gleb Garanich
Sputnik. Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Еуроодақ елдерінде жүрген әскер жасындағы украиндардың болашақ тағдыры туралы жалпыеуропалық шешім қабылданады деп үміттенеді. Бұл туралы ол Delfi порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните 29 сәуірде Украинаға әскери міндетті өз азаматтарын экстрадициялау мәселесін Еуроодақпен келісу керек деп мәлімдеді, өйткені қауымдастық украин азаматтарына уақытша қорғау мәртебесін берді. Бұған дейін Польша Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш Польшаның Ресейдің әскери операциясы басталғаннан кейін Украинадан кеткен әскер жасындағы ер адамдарды қайтаруға көмектесуге дайын екенін мәлімдеген. Литва қорғаныс министрі Лауринас Касчюнас поляк билігінің мәлімдемелерін «дұрыс бағыт» деп атады және Вильнюстің де осындай әрекет жасауға тырысатынын айтты.
«Шетелдегі әскери қызметке жататын Украина азаматтарының болашақ тағдыры туралы бізге міндетті түрде жалпыеуропалық шешім қажет және маған бұл талқылаудың Еуропада өтіп жатқаны ұнайды», – деді Подоляк.
Оның пікірінше, шетелдегі әскер жасындағы Украина азаматтарының тағдырына қатысты жалпыеуропалық шешім ерте ме, кеш пе қабылданады.
«Ерте ме, кеш пе, ЕО Украинамен бірге оңтайлы шешім қабылдайды және бұл жерде эмоционалдық күйге, айқайға назар аударудың қажеті жоқ. Елдің бір бөлігі толығымен соғысқа тартылуы, ал бір бөлігі басқа елдер жүріп, олардың құқықтары бұзылып жатыр деп сынауы дұрыс емес», – деді Подоляк.
Украина сыртқы істер министрлігі бұдан бұрын Украинаның шетелдік дипломатиялық мекемелерінің басшыларына 23 сәуірден бастап Украинаға оралу үшін жеке куәлік беруді қоспағанда, әскер жасындағы Украина азаматтарына қатысты барлық консулдық әрекеттерді тоқтатуды талап ететін құжат жолдаған.
Кейінірек Украинаның министрлер кабинеті қаулы жариялап, оған сәйкес әскери қызметке жататын елдің ер азаматтары бұдан былай мемлекеттен тыс ішкі және шетелдік төлқұжат ала алмайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!