Фото: AFP 2024 / SERGEI SUPINSKY

Sputnik. Украина Батыстағы серіктестерінің әскери көмегіне 80 пайызға тәуелді, деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрі Рустем Умеров.

«Бүгінгі күні халықаралық әскери көмекті негізгі көмек ретінде алып отырмыз… Біз серіктестерімізге 80+% тәуелдіміз. Біз Еуропалық Одақ, НАТО, SAG-U (Украинаның қауіпсіздікті қамтамасыз ету тобы – ред.), EUCOM ( АҚШ Қарулы күштерінің Еуропалық қолбасшылығы) АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және басқа да ондаған елмен күн сайын екіжақты форматта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Умеров украиналық «Левый берег» басылымына берген сұхбатында.

Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.

Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы «отпен ойнап отыр» деп мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!