© Sputnik / Алексей Фурман

Sputnik. Киевте жарылыс болды, деп хабарлады украиналық «Общественное» телеарнасы өзінің Telegram каналында.»Киевте жарылыстың дыбысы естілді», – деп жазылған хабарламада.

Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің мәліметіне сәйкес Астана уақытымен сағат 6:07-де Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланған.

Сондай-ақ Украина қарулы күштерінің шабуылдарына жауап ретінде Ресей әскері УҚК жеке құрамы, техникасы мен жалдамалы жауынгерлері орналасқан жерлерге, сондай-ақ инфрақұрылымға: энергетика нысандарына, Украинаның қорғаныс өнеркәсібіне жүйелі түрде шабуыл жасап жатқаны хабарланды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков армияның тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерге шабуыл жасамайтынын бірнеше рет айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!