SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдап, оны «ең жақын досым» деп атады. 

Агенттіктің мәліметінше, Ким Чен Ын өз атынан, корей халқының және республика қарулы күштері сарбаздары мен офицерлері атынан Путинді және Ресей халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірген.

«2024 жыл Корея мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастарды жаңа стратегиялық деңгейге көтерген маңызды кезең болды. Біз халықтарымыздың бейбітшілігі мен гүлденуі жолында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Ким Чен Ын 2025 жылды Ресей армиясы мен халқы үшін «21 ғасырдағы ұлы жеңіс жылы» болуын, олардың неонацистерді жеңіп, жаңа биіктерге жетуін тілеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!