Фото: yahoo.com

АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға қаржылық қолдауды және барлық шетелдік көмекті уақытша тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио осындай жарлыққа қол қойды. Енді бұл шектеу 90 күнге созылады. 

«Бұйрық Мысыр мен Израильге азық-түлік жіберіп, әскери тұрғыдан қаржыландыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, Украина, Иордания және Тайвань сияқты негізгі одақтастарды қаржыландыру тоқтатылды», – делінген хабарламада. 

Бұйрықта барлық жауапты шенеуніктер «осы 90 күн ішінде шетелдік көмек көрсету бойынша жаңа міндеттемелерді қабылдамайтынына көз жеткізуі керек» делінген.

«Ақылға сыймайтын бұйрық! Бұл адамдарды өлтіреді. «Менің айтайын дегенім, егер бұл бұйрықта жазылғандай жүзеге асырылса… көптеген адамдар өледі», – деді босқындар жөніндегі халықаралық ұйымның президенті Джереми Конындайк. 

Алайда шетелдік басылымның Конгресске жақын дереккөздерінің бірі Трамптың бұйрығын заңсыз деп санайды.

Бұйрық ішінде мектептерді қолдау, медициналық көмек көрсету, аналарға шұғыл жәрдем беру және балаларды вакцинациялау бағдарламалары бар. Дегенмен Мемлекеттік департаменттің бұл жарлығы АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсетуіне ешқандай әсер етпеуі керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!