Конго Демократиялық Республикасында «23 наурыз қозғалысы» (М23) тобының көтерісшілерімен ел әскерінің арасында қақтығыс өтіп жатыр. Жанжал салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 367 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Гома қалалық ауруханаларына сілтеме жасай отырып, France24 жазды.
«Хирургтар тәулік бойы жаралыларды аман алып қалумен күресуде, қақтығыс жалғасып жатқандықтан жарақат алғандар толастар емес»,- делінген ақпаратта.
Гома дәрігерлері қала тұрғындарын зардап шеккендерді құтқару үшін қан тапсыруға шақырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!