Фото: deita.ru
Кремльде Қазақстан мен Ресей шекарасындағы шешілмеген Белуха тауы мәселесі талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников Белуха тауына шығу мәселесі ерекше бақылауда екенін айтты.
«Бізде Қазақстанмен шекарада шешілмеген бір мәселе – Белуха тауы. Үкіметаралық келісімге қол қою керек. Өйткені тауға шығу үшін Қазақстанның аумағын пайдалану керек, ол жақта шекаралық режим бар. Бірақ бұл [мәселе] да біздің ерекше бақылауымызда», – деді Решетников.
Путин министрден “ресейлік туристердің көп қызығатын аймағы Алтай тауы?” ма деп сұрады.
«Алтай, Таулы Алтай биыл «Манжероктың» іске қосылуына байланысты жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Екінші жағынан, Алтайда «Бирюзовая Катунь» атты арнайы экономикалық аймақ бар. Онда көптеген нысандар бой көтерген. Қазіргі уақытта әуежайдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл біздің еліміздің картасындағы жаңа, өте қуатты мекен. Алтайдың өзі тартымды. Енді жай ғана жайлылық қосылып, қарқынды өсу басталып жатыр», – дейді министр.
Бірақ ол Белуха тауына қатысты шешілмеген мәселе бар екенін айтты. Оның айтуынша, бұл тақырып «қазақстандық әріптестермен бірге зерттеліп жатыр.
«Жақсы. Біз оны жақсартуымыз керек. Егер Сыртқы істер министрлігінен көмек керек болса, маған айтыңыз, жарай ма?» – деді Путин.
Белуха Қазақстан мен Ресейдің шекарасын бөліп тұр. Ол Көксу ауданы арқылы Алтай республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының аумақтары арқылы өтеді. Тауға шығу оңай емес, оған шығу үшін шекаралық аймаққа рұқсат алу керек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!