Фото: ЕРА/ТАСС

Кувейттің оңтүстік-шығысындағы Мангаф ауданында жұмысшылар тұрып жатқан ғимараттан өрт шығып, кем дегенде 49 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, қаза тапқандардың ішінде 40 адам – Үндістан азаматы. Бұл ақпаратты елдің СІМ растады.

Белгілі болғандай, адамдардың көз жұмуына олар тұрып жатқан үйдегі адам санының шектен тыс көп болуы әсер етуі мүмкін.

Кувейт билігі үй иесін қамауға алатындарын айтып, «мұндай проблемаларға жылжымайтын мүлік қожайындарының сараңдығы алып келеді» деп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!