Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Ливанда пейджерлер жаппай жарылып, салдарынан сегіз адам қатйыс болды, сонымен қатар 2750 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Al Jazeera мәліметінше, қолы немесе бетінен жарақат алғандар көп. Денсаулық сақтау министрі Фирас Абъядтың айтуынша, Бейруттегі ауруханалар адамдарға лық толған.
«Хезболла» ұйымы бұған Израильді айыптап отыр. Дегенмен Израиль бұл жарылыстарға еш қатысы жоқ екенін алға тартты. Тіпті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің қорғаныс министрі, сондай-ақ өзге де шенеуніктер шұғыл жиналыс өткізген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!