АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орман өрттері салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy NBC News-ке сілтеме жасап.
«Лос-Анджелестегі орман өрттері құрғақ ауа райы мен қатты желдің салдарынан сейсенбі күні басталған. Өрт мыңдаған ғимаратты жойып, шамамен 180 мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ресми деректер бойынша, қаза тапқандар саны 16 адамды құрайды. Дегенмен, жергілікті биліктің мәлімдеуінше, нақты құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін, себебі өрт жалғасып жатыр және көптеген аудан әлі тексерілген жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!