KAZINFORM – Париж прокуроры Лора Бекконың айтуынша, өткен жексенбіде Лувр мұражайынан ұрланған бағалы жәдігерлердің жалпы құны 88 миллион еуро болып бағаланған, деп хабарлайды Kazinform италиялық Аgenzianova.com сайтына сілтеме жасап.

– Лувр кураторы залалды 88 миллион еуро деп бағалады, – деді прокурор RTL телеарнасына берген сұхбатында.

Ол бұл соманы «ерекше елең етерлік» деп атап өтті, дегенмен «бұл материалдық шығынды тарихи шығынмен еш салыстыруға келмейді» деген ойын жеткізді прокурор.

Оның айтуынша, қылмыскерлер бұл бағалы бұйымдарды қайта балқытып, сатқан жағдайда да мұндай ірі сомаға ие бола алмас еді.

– Олар мұндай әрекетке барса, өздеріне де, адамзаттың мәдени мұрасына да үлкен зиян келтірер еді, – деп түсіндірді Бекко.

Қазіргі таңда Париж прокуратурасы ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді анықтау және қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеу бағытында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!