Мадагаскарда парламент ел президентін қызметінен босатты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
2025 жылдың 14 қазанында Мадагаскар Ұлттық ассамблеясы ел президенті Андри Радзуэлинаны қызметінен босату жөнінде дауыс берді.
Бұл туралы Orange басылымы хабарлады. Мәліметке сәйкес, отставка үшін 131 депутаттың 130-ы дауыс берген. Айта кетейік, олардың арасында президентті қолдайтын «Андри Радзуэлинамызбен бірге» партиясының өкілдері де бар.
Бұған дейін мемлекет басшысы парламенттің төменгі палатасын тарату туралы шешім қабылдаған еді. Алайда депутаттар бұл әрекетті заңсыз деп танып, өз кезегінде президентті қызметінен кетіру бастамасын қолдады.
Қазір елде саяси жағдай күрделене түсті. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Мадагаскарда жаңа саяси дағдарысқа әкелуі мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!