АҚШ-та жасалған F/A-18 Hornet әскери жойғыш ұшағы Малайзияда отқа оранып, жерге құлады, деп хабарлайды “Адырна”.
SHOT дерегінше, Малайзияның Корольдік әскери-әуе күштеріне тиесілі бомбалаушы ұшақ Сұлтан Хаджи Ахмад Шах әуежайынан көтерілу кезінде өртеніп кеткен. Ұшып баражатып отқа оранған Hornet төмен қарай құлдилап, жерге соғылған.
Екі ұшқыш та катапульт арқылы аман қалды, қазіргі уақытта ауруханада. АҚШ-та шығарылған жойғыш ұшақтың апатқа ұшырау себептері нақтыланып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!